Қызмет алушы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдарына келесі құжаттар тізімімен жүгінеді:
1) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері берген Қазақстан Республикасында тұрақты тұру үшін құжаттарды ресімдеуге арналған көшіп келушілердің әлеуетті өлшемшарттық бағалаудан өткені туралы хабарлама (кәмелетке толмағандарды, әрекетке қабілетсіз адамдарды, инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның өтініші бойынша инвесторларды, сондай-ақ тізбесі халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін сұранысқа ие кәсіптерге ие шетелдіктерді қоспағанда);
2) Қазақстан Республикасында шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтініш-сауалнама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12880 болып тіркелген);
3) қызмет алушының шетелдік паспортының немесе азаматтығы жоқ адамның құжатының көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыру үшін), олардың қолданылу мерзімі өтініш берілген күні 180 күнтізбелік күннен артық болуы тиіс.
Визалық режим қолданылатын мемлекеттердің азаматтары үшін паспортта келесі визалардың болуы талап етіледі:
· В8 санатындағы тұрақты тұру визасы;
· инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның өтініші бойынша берілген А5, А6 санатындағы инвесторлық көп мәртелік виза (инвесторлар үшін);
· халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес В9, В9-1 санатындағы виза
(Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 49 бұйрығы);
· этникалық қазақтар – оларға берілген визаның санатына қарамастан.
Қазақстан Республикасымен визасыз кіру және болу туралы келісім жасасқан мемлекеттерден келген тұлғалар үшін В8 санатындағы виза құжаттар тапсырылғаннан кейін рәсімделеді.
4) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 531 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға үміткер шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың төлем қабілеттілігін растау қағидаларына сәйкес өзінің төлем қабілеттілігін растайтын құжат
(өтінішті қарау кезеңінде банктік шотта кемінде 1320 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қаражаттың болуы) немесе «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабы 4) тармақшасына сәйкес төлем қабілеттілігін растаудан босату негіздерінің бар екенін растайтын құжат.
5) азаматтығы бар мемлекетте және (немесе) тұрақты тұратын мемлекетте соттылығының бар-жоқтығы туралы құжат, тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген және уәкілетті тұлғаның қолымен және мөрімен расталған
(дербес деректер өзгерген жағдайда қазіргі және бұрынғы тегі бойынша да ұсынылады),
егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында босқын мәртебесі бар адамдардан басқа;
6) 14 жастан 18 жасқа дейінгі баланың Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға нотариаттық куәландырылған келісімі;
7) өтініш берушіге тұру үшін тұрғын үй беру және оны тұрақты тіркеу есебіне қою туралы жеке немесе заңды тұлғамен нотариаттық куәландырылған шарт (Қазақстан Республикасында болу кезеңінде төлем қабілеттілігін растайтын қызмет алушылар үшін) немесе жеке немесе заңды тұлғаның нотариаттық куәландырылған өтініші (төлем қабілеттілігін растаудан босатылған қызмет алушылар үшін). Аталған құжаттың қолданылу мерзімі – жасалған күнінен бастап 180 күнтізбелік күн. Өтініш берушінің меншігінде тұрғын үй болған жағдайда – жылжымайтын мүліктің бар екендігі туралы анықтама.
8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына сәйкес
шетелдіктің Қазақстан Республикасына кіруіне тыйым салатын аурулардың жоқ екендігі туралы медициналық куәландыру анықтамасы (028/у нысаны), анықтамада көрсетілген мерзімге (3 ай);
9) 35х45 мм өлшеміндегі бір фотосурет;
10) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат (4 АЕК);
11) Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішінің (бұдан әрі – ҚР ҰЖ) қызмет түрлері тобы көрсетілген және ҚР ҰЖ талаптарына (кәсіп, дағды деңгейі мен мамандануына, дипломға, мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, біліктілік деңгейіне) сәйкестігі расталған салалық мемлекеттік органның қолдаухаты – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 49 «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуына арналған сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31938 болып тіркелген) бекітілген, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берудің оңайлатылған тәртібі белгіленген сұранысқа ие кәсіптер тізбесіне талаптарға сәйкес келетін тұлғалармен ұсынылады.
12) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 730 «Қазақстан Республикасында дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35161 тіркелген) бекітілген дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларына сәйкес шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамға берілетін дактилоскопиялық тіркеуден өткендігі туралы анықтама;
13) өз мемлекетінің жазбаша келісімі, немесе кету парағы, не тұрақты тұру үшін шетелге шығуға рұқсат берілгенін растайтын өзге де құжат (Қазақстан Республикасында босқын мәртебесі бар адамдарды қоспағанда, егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе);
14) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес дербес деректерді өңдеуге және шетел мемлекеттерінің аумағына трансшекаралық беруге арналған өтініш-келісім.
4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың қолданылу мерзімі 180 күнтізбелік күннен асқан жағдайда оларды қабылдауға жол берілмейді.